Skip to content

Кітапхана

«Өтес жалпы білім беретін мектеп » коммуналдық мемлекеттік мекемесінде жалпы аумағы 49,8 шаршы метрді құрайтын кітапхана орналасқан. 2025-2026 оқу жылындағы мәліметтер бойынша оқулықтар саны 18618 дана, көркем әдебиеттер саны 5912 дананы құрайды. Тамыз айында 27 сынып, 514 оқушыға оқулықтар таратылған. 2024-2025 оқу жылында 1-11 сыныптарға жетіспейтін оқулықтардың үсті толықтырылды. ҚР Оқу-ағарту министрлігінің шешіміне сәйкес 4 жыл сайын оқулықтар жаңартылып отырады. Оқырмандар саны — 260, келіп кетушілер саны — 1150, кітап беру саны — 1312. Оқу залдарының саны — 1, кітапханашы саны — 1.

Кітапхана мақсаты: Оқу мәртебесін, оқу сауаттылығын және оқу сапасын арттыру, сондай-ақ жас жоспар бойынша жоғары азаматтық рухани-адамгершілік құндылықтарды қалыптастыру, мәдени және оқу құзыреттілігін дамыту, отбасылық кітап оқу дәстүрін арттыруға байланысты жоба жүйесін қалыптастыру; Жас ұрпақтың өскелең талабын қанағаттандыруда, рухани байлығын, жалпы ой-өрісін дамытуда, жоғары эстетикалық талғам-талпынысты салыстыруда ең үлкен де ұлы тәрбие құралы – кітап екенін түсіндіру; Оқушылардың оқырмандық мәдени тәрбиесін, көркем әдебиетке, кітапқа деген қызығушылығын дамыту; Интерактивті әдістемелерді қолдану; Электронды кітаптарды оқуға баулу; Аудиокітаптардың тізімін беру, қолдана білу; Bookcrossing кітап алмасу қозғалысын дамыту.