
Есетова Гауһар Есбосынқызы 1993 жылы 24 тамызда Маңғыстау облысы Маңғыстау ауданы, Ақшымырау ауылында туған. 2009 жылы Тобанияз мектебін бітірген соң, Батыс Қазақстан инновациялық-технологиялық университетін аяқтап, дене тәрбиесі пәні мұғалімі атанды. 2015 жылдан бастап еңбекке араласып, шәкірттер тәрбиелеуде. Санаты педагог-сарапшы. Шәкірттері аудандық, облыстық байқаулардың жүлдегерлері. 2023 — 2025 жылдары аралығында мектеп директорының тәрбие-ісі жөніндегі қызметін атқарды. 2025 жылдан бастап «Өтес жалпы білім беретін мектеп» КММ-нің директоры міндетін атқарушы болып қызметін атқарады.