Skip to content

Педагогикалық кеңес

 «Өтес ЖББМ» КММ- де 2024-2025 оқу жылындағы алғашқы педагогикалық кеңес өтті. Мектеп басшысы Г.Надирова күн тәртібіндегі мәселелерді қарастырып, мектебіміздің жаңа оқу жылына дайындығымен таныстырды. Педагогикалық кеңестен соң «Жасанды интеллект: мұғалімнің көмекшісі ретінде» тақырыбында информатика пәні мұғалімі Кеңесбаева Ақасыл мұғалімдерге цифрлық құзыреттілік дағдыларды дамыту мақсатында өз тәжірибесімен бөлісті. Жиналыс барысында ұстаздар қазіргі заман талабына сай цифрландырудың жаңа бір қырымен танысып,өз білімдерін толықтыра түсті.

    Г.Надирова жаңа оқу жылына мұғалімдерге сәттілік тілеп,өз сөзімен қорытындылады.