«Өтес жалпы білім беретін мектеп» КММ-де 2024 жылдың 5 қараша күні кәсіби бағдар беруші Қанат Гауһардың ұйымдастыруымен 9-10 сыныптар арасында «Мен таңдаған мамандық» тақырыбында дөңгелек үстөл өтті. Онда оқушылардың психологиялық тесттер арқылы қандай мамандық сай келетіні анықталды және қалаған мамандықтары мен оқу орындары жөнінде ақпараттар берілді.


