Мектебімізде Абыз Әбіш Кекілбайұлының 85 жылдығына арналған мектепішілік «Драма» үйірмесі оқушыларының «Туған жер — киесі,Дархан дарын — иесі» атты кеш өтті. Кеш барысында Әбіш өлеңдері оқылып,үйірменің жас ақындары абызға арнау арнады. Сонымен қатар Әбіш шығармаларынан сахналық қойылым көрсетілді. Үйірме жетекшісі: Қосанова А.

